Елімізде балалар лагерлеріне қойылатын талап күшейді. Енді сауықтыру орталықтары тек лицензия арқылы жұмыс істейді. Себебі соңғы жылдары лагерьлерде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, медициналық қызметкерлердің жетіспеуі секілді мәселелер жиі көтерілген. Енді жаңа жүйе бойынша санитарлық талаптар, қауіпсіздік жүйесі, білікті педагогтармен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық база да қатаң тексеріледі. Жалпы елімізде 180- ге жуық лагерь бар. Қазірдің өзінде әкімдіктер жанынан арнайы штабтар құрылып, олардың дайындығын тексеруге кіріскен.
НҰРГҮЛ ТАУ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Штаб құрылып, барлық өңірде жұмысты атқарып жатыр. Бірақ бүгінгі күні лицензияны алған лагерь әлі жоқ деп естідім. Бұл өте өкінішті, өйткені 10 күннен кейін балалар демалысқа шығады. Олар қайда барады? Тек ойын-сауық емес, шынымен сауықтыру бағдарламасы бар ма, соның бәрін қарап көру керек. Бұл балалардың сапалы демалысына көңіл бөлу десек те болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.