Мектеп бітірушілердің қорытынды емтихан күні белгілі болды

Биыл мектеп бітірушілердің қорытынды емтиханды қашан тапсыратыны белгілі болды. Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, 9-сынып оқушылары үшін білім сынағы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пән бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады. Ал 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар маусым айының 2- сі мен 15-і аралығына жоспарланған. Оқушылар бес емтихан тапсырады. Оның біреуі ауызша форматта өтеді. Айта кетейік, биыл жазда еліміз бойынша 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Ал негізгі және жалпы орта білім туралы аттестатты салтанатты түрде табыстау рәсімі 17-18 маусым күніне белгіленген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал