Петропавлда жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 36 мыңнан астам дерегі тіркелді. Сондықтан тәртіп сақшылары бақылауды күшейтті. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қалада арнайы мобильді топтар жасақталған. Оның құрамында полиция қызметкерлерінен бөлек әкімдік өкілдерімен волонтерлер бар. Қаңтар айынан бастап олар тұрақты түрде рейд ұйымдастырып келеді. Тұрғындар қоқыс контейнерлерінің айналасына жиhаз, пластикалық терезе сынды көлемді қалдықтарды үйіп тастайды. Ал оны халық өз қаражатына шығаруы тиіс. Айта кету керек, бүгінде қаладағы аулаларда екі мыңға тарта камера жұмыс істеп тұр. Заңбұзғандардың денін осы ақылды жүйе анықтаған.
ҚАНАТ ЖҰМАБАЕВ, ПБ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ:
— «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша қалада 94 мобильді топ қүрылған. Онда 300-ден астам полиция қызметкері бар. Жыл басынан бері 1900-ден астам түрлі іс-шара өтті. Тәртіп бұзғандарға жалпы сомасы 140 миллион теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 80 миллионы өндірілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.