Биылғы Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекелері олар үшін түрлі тартумен есте қалды. Президенттің атынан ордень-медальдар, марапаттар, сый құрметтермен қатар бірден 60 пәтердің кілттері табыс етілді. Баспаналы болғандардың арасында театр әртістері, музей, кітапхана қызметкерлері бар. Солардың бірі – Анар Әділова. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер қазақ акадамиялық мемлекеттік театрында 16 жыл жемісті еңбек етіп келеді. Бұған дейін баспанасы болмаған ол мерекеде бұл өзіне тамаша тарту болғанын айтады. Сахна саңлағы жарық та жайлы, екі бөлмелі пәтеріне көшіп барды.
АНАР ӘДІЛОВА, ӘРТІС:
— Әрине, ұнады. Сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Әрі қарай өнерімізді дамыта береміз. Еліміз үшін, жеріміз үшін қызмет жасай береміз. Сондықтан жұртымыз аман болсын! Елімізде тыныштық болсын және бәріне жұғысты болсын!
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.