Кітапты серік еткен оқушылардың ерекше жобасы. 5-сынып оқушылары бір жылда ондаған кітап оқып, тіпті қаржылық сауат туралы өз туындыларын жазған. Балалардың арман картасы, ата-анамен бірге оқу дәстүрі және кітап фестиваліндегі тартысты бәсеке туралы тілшіміз баяндайды.
Мектептің 5-сынып оқушылары кітап фестиваліне белсенді қатысты. Бәсеке көбейгені сонша, ең көп кітап оқыған оқушылар ғана марапатталды.
Оқушылар оқыған кітабының желісімен арман картасын да әзірлеген. «Қаржыға алғашқы қадам» атты кітап жазған да өздері. Онда жап-жас балалар қаржылық сауат туралы ойларын жазған.
Ал ата-аналар сынып жетекшісінің бастамасын жоғары бағалайды. Айтуларынша, биыл тек балалар ғана емес, ата-аналардың өзі де кітап оқуға бейімделген. Отбасымен бірге кітап оқып, талдау жасау – олардың ортақ дәстүріне айналған.
Кітап оқу – бір реттік шара емес. Бұл – интерактивті форматтағы талдау мен пікір алмасу. Осылайша, балалар оқығанын терең түсініп, білімін өмірмен байланыстыруды үйреніп келеді. Бұған ата-ана да, ұстаз да риза. өйткені кітап арқылы біртұтас тәрбиелеп, адал азамат өсіруге болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.