ШҚО-да «Ұлан» көлік-логистикалық кешенінің іргетасы қаланды

Шығыс Қазақстанда 18 гектардан астам аумақты қамтитын ірі «Ұлан» көлік-логистикалық кешенінің іргетасы қаланды. Жобалық қуаттылығы жылына 895 мың тонна жүкті құрайтын бұл нысан аймақтың экспорттық және транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырады. Кешен жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, Өскемендегі ЖЭО-3 құрылысының басты логистикалық базасына айналады. Мұнда астық пен майлы дақылдарды ірі көлемде сақтауға және жылына 32 мың контейнерді өңдеуге толық мүмкіндік жасалады. Нысанның теміржол мен республикалық тасжол қиылысында тиімді орналасуы Шығыс Қазақстанның дамуына ұзақ жылдар бойы қызмет етпек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал