Тергеу 6 айға созылғанымен, Нұрай Серікбайдың ұялы телефоны әлі ашылмаған | 22.05.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

НҰРАЙ ІСІ
Ақыл-есі дұрыс емес. Нұрай Серікбайдың өліміне қатысы бар күдіктіге жасалған психикалық сараптама қорытындысы шықты. Бұл сот үкімін өзгертуі мүмкін бе?

СОТ ҮКІМІ
Қарағандыда шахтер мен кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ұйымдасқан топтың 10 мүшесіне сот үкімі шықты. Олар 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

САҚАЛДЫ ҚҰРЫЛЫС
Алты жылға созылған құрылыс. Бірнеше есе қымбаттаған жоба. Өскемендегі гематология орталығының құны 80 миллиард теңгеге жетті. Неге? Аурухана қашан пайдалануға беріледі?

БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ
Қазақстанда тұтынушылық кредитке бақылауды күшейтілді. Халықтың қарызы 40 миллион теңгеден асып кеткен. Ұлттық банк азаматтарға берілетін несиеге шектеу енгізбек.

ЛАГЕРГЕ ЖАҢА ТАЛАП
Жазғы лагердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талап күшейтілді. Сауықтыру орталығының қызметі лицензияланып, енді белгіленген стандартпен жұмыс істейді.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал