Елордада Ресей Федерациясы президентінің мемлекеттік сапарына дайындық басталды

Кешелі бері елорда көгінде тағы да әскери жойғыш ұшақтар түрлі түсті із қалдырып, самғай бастады. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келетін Ресей Федерациясы президентінің мемлекеттік сапарына дайындық барысы. Сапар аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен, Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал