Атырау облысында мектеп оқушылары қатарластарын аяусыз соққыға жыққан

Атырау облысы Жылыой ауданында мектеп оқушылары қатарластарын аяусыз соққыға жыққан. Оқиға сәуір айында болды. Қазір төбелеске қатысы бар жасөспірімдер түгел анықталды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада оқушылардың екі баланы қатігездікпен ұрып, теуіп жатқаны анық көрінеді. Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Кәмелетке толмағандар Ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынып, жинақталған материалдар тиісті шара қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар олардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал