«Нафтогаз» бен «Газпром» дауы: Әділет министрі пікір білдірді

«Нафтогаз» ұтты, «Газпром» ұтылды. Дауыл іс Астанада өткен арнайы сотта қаралды. Еліміздің Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, Астана халықаралық қаржы орталығында орналасқан сот шешімі Қазақстан аумағында жүзеге аспайды. Өйткені бұл сот тек британдық жүйе бойынша шешім шағырғанымен, оның шешімдері ел аумағында жүзеге асыруға ешкім рұқсат бермейді.
ЕРЛАН СӘРСЕМБАЕВ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:
«Сот бұйрығы жауапкердің қатысуынсыз, біржақты тәртіппен шығарылған. Сонымен қатар ол түпкілікті сот актісі емес және қазіргі кезеңде заңды күшіне енген жоқ. Жауапкерге сот бұйрығы тапсырылған күннен бастап заңда белгіленген 14 күн ішінде оның күшін жою туралы өтініш беруге құқық берілген. Мұндай өтініш берілген жағдайда, іс екі тараптың да қатысуымен жалпы тәртіпте қаралады. Осыған байланысты қазіргі кезеңде сот актісін мәжбүрлеп орындату туралы айту ерте».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал