Енді Эйфель мұнарасын көру үшін Парижге ат арытудың қажеті жоқ. Жалпақтал ауылында даңқты нысанның дәлме-дәл көшірмесі орнатылды. Ол «Ынтымақ» мұнарасы деп аталады.
Биіктігі 30 метр, салмағы 25 тонна нысанның құрылысы 9 ай жүргізілген. Оны бастан аяқ әрлеуге 200 литр сыр кеткен. Жалпы мектеп түлектері жыл сайын туған жерге ерекше сый жасауды дәстүрге айналдырған. Бұған дейін спорт кешені, өзге де халыққа қажет нысандар іске қосылған. Осыдан 20 жыл бұрын білім алған түлектер осы жобаны бірлесіп жүзеге асырды. Жобаға 45 миллион теңге шығындалған. Бұл – Жалпақталға тарту етілген 36-шы нысан.
ЕРБОЛ МЕҢДІБАЕВ, АУЫЛ ТҮЛЕГІ:
— Бірнеше нұсқа болды. Соның ішінен Париждегі Эйфель мұнарасынының мүсінін алып, атын «Ынтымақ» мұнарасы атап, ауылымызға сыйға тарттық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.