Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары тұншықтырып, ұрып-соққан | 25.05.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАТЫГЕЗ ҰРПАҚ
Жасөспірімдер неге қатыгез болып барады? Астанада дамуы тежелген баланы қатарластары ұрып-соғып, келеке еткен. Онымен қоймай, барлық әрекетті бейнетаспаға түсірген. Мұндай бассыздыққа қашан тосқауыл қойылады?

ИПОТЕКА НАРЫҒЫ
Қазір ел нарығында ипотека рәсімдеу үдерісі қалай жүзеге асырылып жатыр? Тұрғындар арасында несие рәсімдеп, үйлі болып жатқандар көп пе әлде азайды ма? Сарапшылар мен халық пікірін білеміз.

ҚУАҢШЫЛЫҚТА ӨСЕТІН ӨНІМ
Көп ұазамай елімізде қуаңшылықта да өнім беретін бидай мен күріштің ерекше сұрпы әзірленуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының ғалымдары АҚШ мамандарымен бірлесіп ауқымды жоба әзірлеп жатыр.

ИНКЛЮЗИВТІ ОРТА
Шымкенттік оқушылар робототехниканы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағыттай бастады. Жас өнертапқыштар көзі көрмейтін және құлағы естімейтін жандарға арналған жоба әзірлеп, инклюзивті орта қалыптастыруда.

МҰНАРА КӨШІРМЕСІ
Эйфель мұнарасын көру үшін енді Парижге ат арытудың қажеті жоқ. Жалпақтал ауылында даңқты нысанның дәлме-дәл көшірмесі орнатылды. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары ауыл азаматтарына осындай тарту жасады.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал