Ақтөбе облысында мектеп қызметкері өзенге батып көз жұмды

Ақтөбе облысының Жосалы ауылында 59 жастағы тұрғын өзенге батып кетті. Ол мектепте слесарь болып жұмыс істеген. Қайғылы жағдай кеше түскі үзіліс кезінде болған. Ер адам әріптестерімен бірге оқу жылының аяқталғанын атап өтеміз деп өзенге барған. Суға бата бастаған оны жанындағылар шығарып, сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсеткен, жедел жәрдем шақырған. Әйтсе де ол ауруханада көз жұмды. Өңірде бұл – жыл басынан бергі судағы алғашқы қайғылы оқиға. Шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылған жоқ, ол әдетте 1 маусымнан басталады.
НҰРГҮЛ БЕРТІЛЕУОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— 1967 жылы туған ер адам жұмыс күніндегі түскі үзіліс кезінде Жосалы ауылы маңында демалған. Оқиға болған орын суға түсуге арналмаған және жабдықталмаған. Барлық облыс тұрғынына жабдықталмаған және рұқсат етілмеген орындарда суға түсу адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін, су айдынындағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, суға түсуге тыйым салынған жерде шомылмауын, балаларды қараусыз қалдырмауын еске салғымыз келеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал