«Бұл – хайп емес»: буллинг көрген оқушының анасы жанайқайын айтты

Мектептегі буллинг мәселесі әлі де қоғамдағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Кеше эфирге шыққан сюжеттен кейін елордалық оқушының анасы арнамызға сұхбат берді. Оның айтуынша, ұлына бір емес, бірнеше жасөспірім жабылып, алдын ала күтіп тұрған. Айгүлдің сөзінше, бүгінде кейбір балалар өз әрекетіне жауапкершілікпен қарамайды. Оқиғадан кейін баласын ұрған оқушыға жаза қолданылып, ата-анасына әкімшілік айыппұл салынған. Ал оқиғаны видеоға түсірген басқа оқушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілген. Айгүл: «Буллинг мәселесін назардан тыс қалдыруға болмайды», — дейді. Себебі мұндай жағдай кез келген отбасының басынан өтуі мүмкін. Ол қоғамға шу шығару үшін емес, баласын қорғап, көпшіліктің назарын осы мәселеге аудару үшін шыққанын айтты.
АЙГҮЛ ТАЙБЕКОВА, ОҚУШЫНЫҢ АНАСЫ:
— Мен бұл мәселені хайп, лайк немесе қаралым үшін көтерген жоқпын. Бұл – ана ретінде менің жанайқайым. Адамдар буллинг мәселесіне назар аударса екен дедім. Өйткені мұндай жағдай қазір өте жиі болып жатыр. Бүгін осындай жағдай менің ұлымның басынан өтті, ертең басқа балада қайталануы мүмкін. Мен тек баламды қорғағым келді. Егер үндемей жүре берсек, жағдай одан сайын ушығады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал