Белгілі блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның өліміне қатысты пластикалық хирургия клиникасы құзырлы органдардың назарына ілікті. Медициналық бақылау Комитеті марқұм операция жасатқан мекемені мұқият тексергелі жатыр. Сотқа ұйымды лицензиясынан айыру туралы шағым түскен. Бұған дейін 6 жыл бұрын осы мекенжайда жұмыс істеген клиникада қайғылы жағдай тіркелгені белгілі болды. Ол дерек бойынша да кезінде тексеру жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылық анықталған. Енді комитет медициналық ұйымдарға лицензияны 5 жылға беру мәселесін көтеріп жатыр. Қазір лицензияның мерзімі шексіз.
БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ, МФБ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Алматы қаласында болған жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті арнайы тексеріс жүргізіп жатыр. Арнайы комиссия құрылды. Комиссияның құрамына тәуелсіз сарапшыларды алдық. Жақын арада прокуратура органдарына тіркелгеннен кейін біз тексерісті бастаймыз. Тексеріс осы аптада басталады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.