БҚО шаруалары мен кәсіпкерлері суды заңсыз пайдаланып келген

Батыс Қазақстан облысының шаруалары мен кәсіпкерлері суды заңсыз пайдаланып келген. Құзырлы органдар осылай деп отыр. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде табиғи суды ысырап ету фактілері анықталған. Бұл, әсіресе облыс аумағындағы көлік жуу бекеттеріне қатысты. Олардың бірде-бірі осы уақытқа дейін техникалық суды пайдалану туралы келісімшарт жасамаған. Осындай ақаулықтарға ауыл шаруашылығы саласында да жол берілген. Мысалы, 12441 гектар алқаптың 6689-ы ғана суаруға рұқсат алған. Енді ереже бұзғандарға 200 мыңнан 3 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
ҚАНАТ ӨТЕҒАЛИЕВ, ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БСИ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Су инспекциясының бұйрығы бойынша қазіргі күні тізім бойынша Орал қаласы мен аудандарда 56 көлік жуу бекеттері анықталды. Осы тізім бойынша мониторинг, сараптама жүргіздік. Соның негізінде тексерістер басталды. Тексеріс мақсаты, суды рұқсатсыз пайдаланушыларды анықтау.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал