Астанада құрбандық шалуға арналған бес орын белгіленді

Ертең Құрбан айт басталады. Осыған орай елордада құрбандық шалуға арналған бес орын белгіленді. Атап айтсақ, «Шанхай», «Баракат», «Жайлау» базары және «Шәушен» шаруа қожалығы мен «Ет-Хан» цехы жұмыс істейді. Осы аталған жерлерге мал союға рұқсат етілген және тиісті жағдай қарастырылған. Яғни Құрбан айт кезінде басқа жерде бейберекет мал сойып, айналаны ластауға болмайды. Жалпы, құрбан айттың бірінші күні, 27 мамыр, ресми демалыс.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал