Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СУҒА БАТЫП КЕТТІ
Ақтөбе облысының Жосалы ауылында 59 жастағы тұрғын суға батып кетті. Ол мектепте слесарь болып жұмыс істеген. Марқұм әріптестерімен бірге оқу жылының аяқталғанын атап өту үшін өзен жағасына барған.
МҰҚИЯТ ТЕКСЕРІС
Белгілі блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның өліміне қатысты пластикалық хирургия клиникасы құзырлы органдардың назарына ілікті. Медициналық бақылау Комитеті марқұм операция жасатқан мекемені мұқият тексеріп жатыр. Сотқа ұйымды лицензиясынан айыру туралы шағым түскен.
СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР
Батыс Қазақстан облысының шаруалары мен кәсіпкерлері суды заңсыз пайдаланып келген. Бұл әсіресе көлік жуу бекеттеріне қатысты. Олардың бірде-бірі техникалық суды пайдалану туралы келісімшарт жасамаған. Енді үш млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін.
ЛАГЕРЬГЕ ЖАҢА ТАЛАП
Биыл балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың арнайы ережесі бекітілді. Енді еліміздегі сауықтыру орталықтарының дайындығын бірнеше мемлекеттік орган бірлесіп тексереді. Бұл – санитарлық қызмет, төтенше жағдайлар департаменті, полиция, әкімдік және білім басқармасы.
АҚЫЛДЫҢ КЕНІ
Елордалық оқушылар Паркинсон ауруын күні бұрын анықтайтын қосымша мен тоғызқұмалаққа арналған цифрлық платформа әзірледі. Жасанды интеллект игілігін күнделікті өмірге икемдеп, адамзатқа қолайлы етуге бейімделіп жүрген ақылды жастармен тілшіміз сұхбаттасты.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.