Чилиде жойқын жер сілкінісі болды. Калама қаласында тіркелген дүмпудің қуаты 6,7 баллға жетті. Табиғат апатының эпицентрі шаһардан 16 шақырым жерде анықталған. 140 мыңнан астам тұрғыны бар қалада жарық сөніп, су үзілген. Ал зардап шеккендер мен қираған мүлік туралы ресми мәлімет жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.