Соңғы 11 жылда одақ аясында Қазақстанның сауда-саттығы едәуір артқан. Серіктес мемлекеттермен тауар айналымы екі есе өсіп, 30 млрд АҚШ долларынан асқан. Ал үшінші елдермен сауда көлемі 113 млрд долларға жетті. Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт та көбейген. Былтырғы көрсеткіш 10 млрд доллардан асты. Ал бұл мемлекеттерден Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі соңғы 10 жылда 5 есе өсіп, 2,9 млрд долларға жеткен.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.