Мәжіліс автомектептерге қатысты заң жобасын қабылдады

Елімізде автомектептерге қойылатын талап күшейтіледі. Қазір бұл бағытта 727 ұйым жұмыс істейді. Бұған дейін оларды ашу үшін тек хабарлама жіберу жеткілікті болса, енді оқу орталықтары мемлекеттік органдардың рұқсатын алғаннан кейін ғана жұмысын бастай алады. Егер тиісті талапқа сай болмаса, арнайы мемлекеттік тізілімге енгізілмейді. Осындай нормалар қарастырылған заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымда қабылданды.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Автомектептердің қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту ұсынылады. Олардың қызметіне рұқсат беру тәртібі енгізіледі. Рұқсат алу үшін автомектепте қажет материалдық-техникалық база, оқу автодромы, оқу көліктері және білікті нұсқаушылар болуы керек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал