17 жастағы жігіт кене шаққаннан кейін жансақтау бөліміне түсті

Ақмола облысында 17 жастағы жігіт кене шаққаннан кейін жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер оған «кене энцефалиті» диагнозын қойған. Мамандардың айтуынша, кене оны 16 мамыр күні орманда шаққан, алайда дер кезінде дәрігерге жүгінбеген. Соның салдарынан науқастың жағдайы ауырлап кеткен. Қазір дәрігерлер инфекцияның асқынуын тоқтатуға тырысуда. Жалпы өңірде 500-ге жуық адамды кене шағып, дәрігерге қаралған. Үш адамнан кене энцефалиті анықталды. Олар – Бурабай және Сандықтау аудандарының тұрғындары. Қазір барлығы емделіп жатыр.
ЕРБОЛ ЖҰМАҒАЛИЕВ, ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Кене энцефалитінің вирусы жүйке-жүйенің зақымдануына алып келеді. Ол мидың, жұлынның өзгеруіне алып келуі мүмкін. Ол асқынған кезде, науқастың жағдайын толықтай қалпына келтіруге мүмкіндік болмайды. Кене шаққаннан кейін 7 және 14 күн ішінде бірінші белгілері пайда болады. Олар – температураның көтерілуі, бастың қатты ауырсынуы, тырысудың пайда болуы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал