Еліміздегі алғашқы АЭС құрылысына Ресей несие береді | 28.05.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМ
Қазақстанның еуразиялық экономикалық одақ елдерімен алыс-берісі 90 пайзғы артты. Айталық, 2015 жылы өзара сауда-саттық көлемі 16 млрд АҚШ долларынан сәл жоғары болса, былтыр бұл көрсеткіш 30 млрд-тан асып кеткен. Елордада V Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр.

МЕМЛЕКЕТТІК САПАР
Бұл – Ресейдің туын әуеде бейнелеп ұшқан Қазақстанның әскери жойғыш ұшақтары. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей президентін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайының алдында салтанатпен қарсы алды. Мұнан соң екі ел басшысы келіссөздер жүргізіп, ондаған шартқа қол қойды.

АВТОМЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ
Мәжіліс автомектеп мәселесін тағы да майшаммен қарады. Түпкі мақсат – елдегі 727 ұйымға талапты күшейтіп, жүргізуші дайындау сапасын жақсарту. Бұған дейін автомектеп ашу оп-оңай еді. Енді екінің біріне мұндай мүмкіндік берілмейді.

КЕНЕНІҢ КЕСІРІ
Көкшетауда кене шаққан баланың жағдайы күрт қиындады. Ол энцефалит болып қалған. Қазір жансақтау бөліміне ауыстырылды. Мамандар зиянкестен зардап шеккен балғынның өміріне араша түсуге тырысып жатыр.

БАЛА БОЛАШАҒЫ
Алда халықаралық балалар күні келе жатыр. Осы айтулы датаға орай, елдегі барлық емхана бір күн бойы бала денсаулығын тегін тексереді. Жалпы, жазғы демалыс кезінде әр бала телефонға телміріп отырмау үшін не істеу керек? Тегін үйірмеге беруге бола ма?

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал