Жангелдиндегі қанды қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сараптама нәтижесі шықты

Жангелдинде кісі қолынан қаза тапқан зейнеткерлердің қызы әрі Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сараптаманың алғашқы нәтижелері белгілі болды. Алғашында ол өз отбасының өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген болатын. Алайда кейін тергеу оның қылмысқа қатысы жоқ екенін анықтады. Психологиялық-психиатриялық сараптамадан кейін мамандар Мұқанғалиеваға қосымша бақылау мен диагностика қажет деген қорытындыға келді. Яғни оның психикалық жағдайына қатысты нақты қорытынды әзірге жасалған жоқ. Соған қарамастан тергеу тарапынан оған қатысты сұрақтар әлі де бар. Қылмысты жасырды деген күдік бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал