Еуразиялық экономикалық одақ енді Африка нарығына да дендеп кірмек. Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Одақ Туниспен еркін сауда жөніндегі келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады. Бұл – 130 миллионнан астам халқы бар Солтүстік Африка аймағына шығуға жасалған стратегиялық қадам. Сонымен қатар Сербиямен 2019 жылғы уағдаластықтарды жаңарту туралы шешім бекітілді. Енді еркін сауда аясында тауарға ілеспе құжаттарға қойылатын талаптар жеңілдетіліп, кедендік рәсімдеу әлдеқайда жылдамдайды. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ Үндістанмен келіссөз жүргізіп, Пәкістанмен бірлескен зерттеу тобын іске қосқан. Осымен, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аяқталды.
БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ЕЭК АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Жалпы, Одақ келісім жасаған немесе келіссөз жүргізіп жатқан елдердің нарығы 3,5 миллиардтан астам халықты қамтиды, ал олардың жиынтық ішкі жалпы өнімі 28 триллион доллардан асады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.