Зейнетақыдағы қаражатты шешіп алудың тәртібі өзгереді

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану қиындайды. Қазақстанда жинақтың жеткілікті шегін есептеу тәртібі өзгергелі жатыр. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Енді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатты санағанда тек шоттағы ақша емес, адамның жасы, өмір сүру ұзақтығы, болашақтағы жарнасы мен инвестициялық табысы да ескеріледі. Яғни мемлекет әр қазақстандыққа зейнетке шыққаннан кейін қанша қаржы қажеттігін алдын ала есептемек. Соған сай есепшотта қалуға тиіс ең төменгі сома қайта анықталады. Жинақ осы межеден асса ғана, азаматтар артық ақшаны баспана алуға не емделуге жұмсай алады. Қаулы 10 күннен кейін күшіне енеді.
Зейнетақы жинағындағы жеткіліктілік шегі:
• адамның жасы;
• зейнетке шығуға дейінгі жыл саны;
• зейнетақы төленетін болжамды кезең;
• ең төменгі мемлекеттік зейнетақы мөлшері;
• болашақ зейнетақы жарналары;
• зейнетақы жинағының инвестициялық табысы;
• көрсеткіштердің жыл сайынғы өсіміне қарай ЕСЕПТЕЛЕДІ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал