ШҚО-да жағажайлар шомылу маусымына дайын емес

Шығыс Қазақстан облысындағы жағажайлардың ешқайсысы шомылу маусымына дайын емес. Арнайы комиссия өкілдері осындай қорытынды жасады. Олар демалыс орындарын аралап, туристік нысан иелеріне тиесілі аймақты тез арада ретке келтіруді тапсырды. Бұл жұмыстар 15 маусымға дейін аяқталуы тиіс. Мәселен, Өскемендегі коммуналдық жағажай қатты ластанған. «Самал» қалалық саябағының жағдайы да осындай. Дегенмен жергілікті билік өкілдері биыл бірнеше саябақтың абаттандырылатынын мәлімдледі.
БОТАГӨЗ МЕЙРХАНОВА, «ТАЗА ӨСКЕМЕН» КӘСІПОРНЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі таңда бізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, біріншіден, судағы қауіпсіздік қалқымаларын орнату, екіншіден, қоғамдық тәртіп сақшыларын жұмысқа тарту, үшіншіден, толқын тежегіш орнату жоспарланып отыр.

ФАРИДА БАЙМАҚАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ СЭБ БАС МАМАНЫ:
— Біздің мамандар судың микробиологиялық, санитарлық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша сынамалар алып жатыр. Тексеріс қорытындысынан кейін судың сапасы қандай екенін және оның тұрғындардың шомылуына қаншалықты қауіпсіз екенін анықтаймыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал