Астанада Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың болашағына арналған халықаралық семинар өтті. Жиынға екі ел сарапшылары, ғалымдары және этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Семинар барысында диаспора саясаты, тарихи мұраны сақтау, мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту және диаспораның қоғамдағы рөлі талқыланды. Қатысушылар Қазақстандағы корей диаспорасының екі ел арасындағы достықты нығайтудағы үлесін ерекше атап өтті. Кездесу соңында тараптар әріптестікті одан әрі дамытып, бірлескен жобаларды көбейтуге ниетті екенін жеткізді.
ЮРИЙ ЦХАЙ, ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Корея қауымдастығы атынан Қазақстанды лайықты деңгейде таныта аламыз деп ойлаймын. Бұл ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенімдімін. Біз Кореяның мүмкіндіктерін жақсы білеміз, Қазақстанның да әлеуеті зор. Ең бастысы, Қазақстанда Корей диаспорасы бар. Сондықтан күш біріктірсек, кез келген мақсатқа жете аламыз деген ойдамын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.