Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚОСЫМША ДИАГНОСТИКА КЕРЕК
Атырауда ата-енесі мен екі балдызын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты сараптаманың алғашқы нәжижесі шықты. Әуелі ол ата-анасын өлтіруге көмектесті деп айыпталған еді. Кейін бұл айып қылмысты жасыру бабына ауыстырылды.
ЖАЛҒАН ЖҰМЫС
Еліміздің 13 өңірінде жалған жұмысқа орналастыру дерегі анықталды. Мемлекекеттік сақтандыру қорының дерегінше, 258 ұйым 4 400 адамды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастырған. Өтірік есеп бергендер үстінен 38 қылмыстық іс қозғалды.
ДОЛЛАР ТАҒЫ ҚҰБЫЛДЫ
Қаржы нарығында доллар күрт қымбаттады. Кешелі бері бір АҚШ валютасы 480-485 теңге арасында құбылып тұр. Яғни Америка ақшасы 8 теңгеге көтеріліп отыр. Бұған не себеп? Сарапшы пікірін ұсынамыз.
ТҮЛКІЛІ САЙ ТАРИХЫ
«Түлкілі сай» туралы не білесіз? Шымкент жұрты осылай атайтын бұл орынға «Қасірет» мемориалдық кешені салынған. Өйткені ғалымдар мемориал маңында жазықсыз жапа шеккен екі мыңнан астам азаматтың сүйегі жатқанын айтады.
ОҚУШЫ-ВОЛОНТЁР
Алматыда волонтер болуға ниетті оқушы көбейді. Жас буынның қайырымдылыққа бет бұруы қуантады. Жазғы демалыс кезінде олар көппен бірген қарттарға көмектесіп, жоғалған жандарды іздеуге қолғабыс етіп жүр.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.