«Қазақстан балалары» бағдарламасы қаңтар айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қорғау, олардың алаңсыз өсіп-жетілуіне жағдай жасау. Құжат бойынша балалардың денсаулығын жақсарту, сапалы білім беру және әлеуметтік көмек көрсету шаралары бірінші орынға қойылады. Әсіресе ерекше мұқтаждығы бар балаларды қолдау мен мектептердегі психологиялық көмек жүйесі күшейтілмек. Бұған қоса, аймақтарда жаңа мектептер мен үйірмелер ашылып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалады. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет балаларды зорлық-зомбылықтан қорғап, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуді басты міндет деп біледі.
Жалпы, өскелең ұрпақтың құқығын қорғау мен оларды жан-жақты дамытуға бағытталған жобаның тиімділігі қандай? Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Толқын Жолдыбайқызы тарқатып айтып бермек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.