Елордаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылар үшін бұл сапар ерекше әсерге толы болды. Олар Ақорда, музейлер мен көрікті нысандарды аралап, ЭКСПО қалашығындағы заманауи технологиялармен танысты. Астанаға алғаш келген жеткіншектердің әсерін өз аузынан тыңдайық.
ИМАНҒАЛИ ҚАЛЫМБЕТ, ОҚУШЫ:
— Мен Маңғыстау облысы Бейнеу ауданынан келіп тұрмын. Астананың көрікті жерлеріне барып, ЭКСПО-да, жасанды интеллект орталығында интеллектуалды ойындар ойнап, керемет сезімде жүрміз.
АЙДОС ҚОЛДАН, ОҚУШЫ:
— Бірінші біз мұражайға барған болатынбыз. Мұражай Президентімізге тиесілі. Оның ішінде Президентімізге табысталған барлық сый-сыяпат бар. Соның ішінде біз ордендерді, біздің спорт жұлдыздарымыздың медальдарын, белге тағатын белдіктерін көрдік.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.