Үржарда ерекше балалардың арманына қанат бітірген «Үміт оты» байқауы өтті

Ерекше балалардың өнері үлкен сахнада! Абай облысының Үржар ауданында Балаларды қорғау күніне орай «ҮМІТ ОТЫ – 2026» республикалық байқауы өтті. Шығармашылық додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүзден астам өтінім түссе, Армениядан келген қатысушылар да бақ сынады. Вокал, хореография, бейнелеу өнері және аспапта орындау бағыттары бойынша өткен байқауда әр бала өзінің ерекше қабілетін паш етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің шығармашылық әлеуетін ашып, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру. Дарынды балалардың басын қосқан республикалық байқау жеңімпаздарды марапаттаумен қорытындыланды.
ЖАНАР РАМАЗАНҚЫЗЫ, АРНАЙЫ ПЕДАГОГ:
— Мүмкіндігі шектеулі балаларға мұндай байқаулар көмек. Өте үлкен жұмыс. Бұл балалар үшін кәдімгідей жаңа өмірге үлкен қадам.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал