Астана – Павлодар бағытындағы жол апатында 21 жастағы студент екі аяғынан айырылды

Астана – Павлодар бағытында болған жол апатында 21 жастағы студент екі аяғынан айырылды. Hyundai Tucson автокөлігін басқарған 22 жастағы жүргізуші Төртқұдық ауылы маңында темір қоршауға соғылған. Бұл жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан ескерту белгілері қойылып, қозғалыс бағыты өзгертілген екен. Соған қарамастан жүргізуші жоғары жылдамдықпен келген. Соққы кезінде темір қоршаудың бір бөлігі көліктің алдыңғы жолаушы отырған жағынан салонды тесіп кірген.Апат салдарынан түрлі жарақат алған үшеудің бірі студент. Ол екі аяғынан айырылды.
ЖАНАР БІЛӘЛОВА — ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың зардап шегу фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.Алдын ала мәлімет бойынша, «Астана – Павлодар» автожолында Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі жол бойындағы қисық металл қоршауға соқтығысқан. Оқиғаның себеп-салдарын тергеу анықтайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал