«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

Қазақстанда жаңа саяси ұйым – «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Ұйымның құрамына түрлі саладағы кәсіби қауымдастық өкілдері енген. Атап айтқанда, шахтер, спортшы, педагог, дәрігер, ғалым мен креативті индустрия өкілдері бар. Ұйымның негізгі басымдығы – заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті нығайту, тиімді мемлекеттік институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыруды ілгерілету, адами капиталды дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру. Партия ұйымдық құрылымын одан әрі қалыптастырып, өңірлердегі жұмысын жүйелі дамытпақ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал