Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ТАСЖОЛДАҒЫ ҚАСІРЕТ
Бір сәтте қиылған тағдыр. Яндекс таксимен жолға шыққан 21 жастағы студент Астана-Павлодар тас жолында қос аяғынан айырылды. Бұған сапасыз жол себеп пе әлде жүргізушінің салғырттығы ма?
СОТ БАСТАЛДЫ
Соттағы күтпеген бетбұрыс. Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты негізгі сот талқылауы басталды. Зардап шеккен бір адам жүргізушіні кешірді.
ҚОЙМАДАҒЫ ЖАРЫЛЫС
Мьянмадағы жойқын жарылыс. Елдің Қытаймен шекаралас аймағындағы қоймада болған жарылыстан ондаған адам қаза тауып, жарақаттанды. Қайғылы апаттың себебі қандай?
ҮЛКЕН ОТБАСЫНЫҢ ҰЛЫ ЖЕҢІСІ
Бала құқығын қорғау күніндегі ерекше жеңіс. 28 баланы тәрбиелеп отырған ақтөбелік Жетесовтер отбасынан құралған ансамбль 36 рет бас жүлдені иеленді. Көпұлтты отбасының жетістігін көрсетеміз.
ҚОҚЫСТАН ҚАРАЖАТ
Қоқыстан қаражат. Қалдықты үйінде сұрыптап, үлгі көрсеткен қала тұрғыны пайдалы кеңеспен бөлісті. Әрі экологияны сақтап, әрі әмиянды толтырудың тиімді жолы қандай? Тазалықтан демалатын кейіпкер туралы айтамыз.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.