Щучье қаласындағы «Палау орталығында» болған жарылысқа қатысты тергеу аяқталды. Алапат апаттан кейін бірден дәмхана иесі ұсталған. Ізінше автогаз құю станциясының директоры мен газ баллонын жеткізуші де қамалды. Олар өрт қауіпсіздігін сақтамады және қызмет көрсетуде заң талабын бұзды деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі қамауда отыр, ал үшіншісі үйқамақта. Ақмола облысы прокуратурасы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу толық аяқталғанын айтты.
Еске сала кетейік, Щучье қаласындағы «Палау орталығында» газ жарылып, өртенді. 12 адам қаза тапқан болатын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.