Ақтөбеде туристік компанияға қатысты тағы бір дау шықты. Жүздеген мың теңгеге тур сатып алған тұрғындар соңғы сәтте шетел аса алмай қалған. Кейбірі өзге елден өз ақшасына қайтуына тура келген. Осыған байланысты полицияға 20-дан астам адам арыз жазған. Арасында ақтөбеліктерден бөлек, Алматы, Астана, Атырау және Орал қалаларының тұрғындары да бар. Қазір аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ал туркомпания өкілдері барлық қаржыны биылғы 10 маусымға дейін қайтаруға уәде беріп отыр.
ЕРКЕБҰЛАН АЙМҰРАТҰЛЫ, ТУРФИРМА ДИРЕКТОРЫ:
— Қазір шамамен он миллиондай ақша қайтарылды. WhatsApp группамыз бар, ол кісілердің барлығы сол жақта отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.