Енді тыйым салынған жерге суға шомылған адам айыппұл төлейді. Төтенше жағдай мамандары осыны ескертеді. Батыс Қазақстан облысында суға шомылу маусымы ресми түрде басталды. Барлығы 34 жағажай бекітілген. Оның 21-і жеке, қалғаны коммуналдық. Дайындығы пысықталып, барлық күш-құрал қалыпқа келтіріп жатыр. Бекітілмеген орынға арнайы белгі қойылды. Рейдтік шарамен тұрғындарға қауіпсіздік туралы жұмыс жүргізіліп жатыр. Өңірде өткен жылы 8 адам суға кетсе, соның біреуі – бала. 11 адам құтқарылған. Жаз басталмай жатып, ережені бұзғандар да бар. Құтқарушылар әсіресе баланы қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.