Орталық Азиядағы алғашқы Ми институты ҚазҰУ базасында ашылды

Орталық Азиядағы алғашқы Ми институты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында ашылды. Мұнда адамның когнитивтік қызметі, шешім қабылдау тетігі, нейродегенеративті ауру және көптілді ортада мидың жұмыс істеу ерекшелігі зерттеледі. Әлемдік деңгейдегі заманауи жабдық пен жасанды интеллект технологиясы пайдаланылады. Ғалымдардың айтуынша, институттың ашылуы еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және нейроғылым саласындағы жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді.
ЖАНАР ИБРАЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТ. ҚАЗҰУ ДОЦЕНТ-ЗЕРТТЕУШІСІ:
— Қажеттілігі өте зор. Өйткені қазіргі кезде ол теориялық жағынан да, қолданбалы жағынан да өте маңызды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал