Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Президент Алатау қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізіп, өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатауды дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Үүкіметке, әкімдерге «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының орындалуы – конституциялық міндет» екенін шегелеп айтты. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқан бір топ азаматқа «Құрмет» ордені мен Ерен еңбегі үшін медалін табыстады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал