Токиода Қазақстан Сенатының депутаттары Жапония Парламентінің депутаттарымен кездесті

Қазақстан Сенатының депутаттары Жапонияға ресми сапармен барып, Токиода жапондық әріптестерімен кездесті. Қос тарап ел арасындағы достық пен экономикалық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр. Келіссөздер барысында отандық депутаттар жапон тарапына Қазақстандағы соңғы саяси өзгерістер, жаңа мемлекеттік модель және Ұлттық Құрылтайдың рөлі туралы айтып берді. Сондай-ақ екі ел бұдан былай тек саясатта ғана емес, инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу және экономиканы дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Кездесу соңында қос мемлекет парламентаралық диалогты алдағы уақытта да жалғастыра беретінін растады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал