Алматы облысында «Zakon Reels – 2026» байқауының жеңімпаздары анықталды. Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында ұйымдастырылған шағын бейнеролик сайысы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Өйткені қазір киберқылмыс өршіп тұр. Байқаудың мақсаты – оқушылар мен студенттерді медиажобаға ерте араластырып, пайдалы контент қалыптастыру. Бердібек Соқпақбаев атындағы №53 мектеп оқушысы Алина Әбдуғалиқызы байқау жеңімпазы атанды. Ол «интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбын таңдаған.
АЛИНА ӘБДУҒАЛИҚЫЗЫ — БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
— Балаларға арнап бағытталған видеоролик болды. Қазіргі заманда интернетте көптеген қауіпті дүниелер бар, солардан сақтану мақсатында ойластырылды. Мен негізі бірінші орын аламын деп ойламадым. Өте қуаныштымын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.