Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ОЙНАП ЖҮРІП ОПАТ БОЛДЫ
Шымкентте жүк көлігі баланы қағып, жеткіншек оқиға орнында тіл тартпай кетті. Соққының күштілігінен баланың денесі бөлшектеліп қалған. Жеткіншектерді қауіптен қалай қорғаймыз?
САЛҒЫРТТЫҚ САЛДАРЫ
Щучинск дәмханасындағы жарылыс бойынша тергеу аяқталды. Ақмола облыстық прокуратурасы 3 күдіктінің есімін атады. Жарылыстан зардап шеккен 20-дан астам адамның тағдыры не болмақ?
ӨНДІРІСТЕГІ ҚАУІП
Қазмырыштағы жарылыстың себебі айтылды. Енді қауіпті өндіріс орнын Жасанды интеллект бақылайды. Ал зауытты тексеретін инспектордың жалақысы 70 пайызға дейін өспек. Цифрландыру кеншілердің өмірін сақтап қала ала ма?
ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ ТҰЗАҒЫ
Ақша да, шипажай да жоқ. Ақтөбеде жиырмадан астам тұрғын туристік фирмаға алданып қалды. Танымал туристік агенттіктің бірі миллиондаған теңгені алып, жолдаманы бермеген. Күйіп кеткен миллион қайтарыла ма? Полиция не дейді?
МИ ҚҰПИЯСЫ АШЫЛАДЫ
Орталық Азиядағы алғашқы Ми институты Қазақстанда ашылды. Жаңа институт адам миының жұмбағын, шешім қабылдау процесін және қауіпті нейро-ауруды зерттейді. Еліміздегі бірегей жоба туралы көрсетеміз.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.