Семейде 91 жастағы кейуанаға көрсетілген қорлық қоғамның жағасын ұстатты. Жақыны жалдаған күтуші қарт ананы күтіп-баптаудың орнына, жүйелі түрде балағаттап, қорлаған болып шықты.
Күтушінің күтімінен күдік алған туыстары үйге жасырын камера орнатқан. Осы кезде қарттық жетіп, қауқарсыз күйде жатқан әжейге күтушінің дөрекі сөйлеп қана қоймай, қолын батырғаны байқалып қалған. Осы жағдайға байланысты кейуананың туыстары полицияға шағымданған. Тексеру нәтижесінде күтуші әйелдің әрекетінен балағаттау, яғни адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері анықталған.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Қарияға күтім жасаған әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері анықталды. Сонымен қатар аталған құқықбұзушылық жеке айыптау санатына жататындықтан, кінәліні заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін жәбірленуші тарапқа сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілді».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.