СҚО-да оқушыдан кене энцефалиті вирусы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 30 жылда оқушыдан алғашқы кене энцефалиті вирусы анықталды. Бұл туралы өңір дәрігерлері хабарлап отыр. Орманнан келген 16 жастағы жасөспірімнің денесінен қансорғышты әкесі байқап қалған. Алайда өз бетімен алып тастап, ауруханаға бармаған. Бірнеше аптадан кейін баланың денсаулығы күрт нашарлап, қалтырай бастаған. Сондықтан науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Жалпы сәуір айынан бері аймақта 529 адамды кене шағып алған. Оның 130-дан астамы – бала. Зиянкестердің бұлай жаппай қаптауына ауа райының күрт жылынуы себеп. Сондықтан әсіресе табиғат аясына демалуға шығатындарға мамандар аса сақ болу керегін ескертеді.
ЕЛЕНА КОПТЯЕВА, БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Балаға иммуноглобулин қойылып, бірден тиісті ем-дом курсы тағайындалды. Дене қызуы басылды. Теңселуін қойды. Жағдайы тұрақталып келеді. Айта кету керек, бұл – балалар арасында соңғы 30 жылда тіркелген алғашқы жағдай.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал