Жазғы лагердегі тәлімгерлер қатаң іріктеледі. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы 532 лагердегі қауіпсіздікті, техникалық жарамдылығын, тіпті қызметкердің істі болған-болмағанын тексеріп жатыр. Өйткені биыл облыстағы 114 мың бала демалуы тиіс. Олар қала сыртында, мектеп жанында кейбірі шатырлы лагерге барады. Сол үшін қазынадан 403 миллион теңге бөлінген. Алайда балаларға тәлімгерлік етуге тілек білдірген 517 адамның кейбірі талапқа сай келмейтіні анықталды. Бірі істі болған, бірі құқық бұзып, жауапкершілікке тартылған. Олардың барлығы қызметтен босатылды.
ӘЛІШЕР ӨТЕГЕНОВ, ПД ҚҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Тексеріс барысында 8 қызметкердің қылмыстық жауапкершілікке және 5 қызметкердің әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Сонымен қатар анықталған тұлғалардың тізімі білім басқармасына тиісті шара қабылдау үшін жолданды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.