Астанада боччадан Әлем кубогының кезеңі өтуде. Халықаралық турнирге әлемнің бірнеше елінен келген спортшылар қатысып жатыр. Турнир нәтижелері спортшылардың әлемдік рейтингтегі орнына әсер етіп, Паралимпиада ойындарына іріктеуде маңызды рөл атқарады. Қазақстан құрамасы жарысқа он спортшымен бақ сынауда. Мамандардың пікірінше, мұндай халықаралық дода елімізде параспорттың дамуына серпін беріп, мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына кең мүмкіндік ашады.
НАЗЫМ ЖАНҒАЗЫ, БОЧЧА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
— Жарыста біздің құрамадан 10 параспортшымыз қатысып жатыр. Егер олар жақсы көрсеткіш көрсетсе, іріктеуден өтіп, әрі қарай 2028 жылы Лос-Анджелесте болатын параолимпиадаға қатысулары әбден мүмкін.
ЭЛЬМИРА МҮСІРӘЛИЕВА, БОЧЧАДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ:
— Бұл іс-шара біздің мемлекетте болып жатқаннан кейін жауапкершілік өте үлкен. 23 мемлекеттен өте мықты қарсыластарымыз келіп жатыр. Біз де барынша ұтуға тырысамыз. Дайындық жақсы, қолымыздан келгенін бәрін жасаймыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.