Еліміздің басым бөлігінде ауа райына белсенді циклон әсер етіп тұр. Соның салдарынан алдағы күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей өңірлерде бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, ертең батыс өңірлерде 4-5 маусым күндері солтүстік-батыс пен солтүстікте, ал 6 маусымда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек елдің шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Соған қарамастан күн біртіндеп жылынады. Алдағы күндері ауа температурасы кей өңірлерде +30 градусқа дейін көтеріледі.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Күндіз батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасы +22…+30°С дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыс пен шығыста ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы +30…+37°С дейін жоғарылайды. Республиканың оңтүстік-шығысында аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіледі, мұнда ауа температурасы +25…+33°С шамасында болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.