Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҮЗІЛГЕН АРМАН
Кірпіш цехында жұмыс істеген семейлік студент оң қолынан айырылды. Арнайы жасақта қызмет етуді армандаған жігіт оқуға қаражат жинамақ болыпты. Ал өндірістегі қауіпсіздікке кім жауап береді?
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ
Істі болған адам балалар лагерінде не істеп жүр? Оралда 13 қызметкер жасөспіріммен бетпе-бет жұмыс істеген. Ол аздай, оқушы тасымалдайтын бірнеше көлік те қауіпсіздік талабына сай болмай шықты.
ӘКІМШІЛІК ЖЕҢІЛДІК
Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары заң жобасын талқылады. Кімнің қарызы кешіріліп, кімдер уақытынан бұрын босатылады? Ал амнистияға кімдер ілікпейді?
КӨЛІК АРЗАНДАДЫ
Көкөністің ғана емес, көлік бағасы да түсе бастады. Отандық көліктің құны шамамен 18 пайызға арзандаған. Өзгерістің себебі мен нарықтағы бағаны тілшіміз зерттеуінен көріңіз.
АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛАДЫ
Аптап ыстық пен нөсер жауын. Алдағы үш күнде елімізде ауа райы күрт өзгереді. Жалпы, осы айда күн райы қалай болады? Синоптик-маманның кеңесіне құлақ түрейік.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.