Келес ауданында ағайынды екі бала суға ағып кетті

Бір отбасы екі бірдей баласынан айырылды. Келес ауданында каналға құлаған ағайынды жеткіншектердің денесі судан табылды. 13 және 8 жастағы балалар қараусыз қалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында суға кетудің 16 дерегі тіркелсе, оның 12-сі – бала. Қайғылы жағдай Ақмола облысында да тіркелді. Қосшы қаласында 10 жасар бала суға кеткен. Құтқарушылар жеткіншектің досымен бірге суға түсуге арналмаған Нұра–Есіл каналына шомылуға барғанын айтты. Жедел-құтқару жасағы баланың денесін тауып, судан шығарды.
ЕРСАИН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Балаларды ешбір жағдайда қараусыз қалдыруға болмайды. Оларды ересектердің бақылауынсыз су айдындарына жібермеңіз. Балаларды әрдайым бақылауда ұстау қажет. Есіңізде болсын, балаларыңыздың өмірі өз қолдарыңызда. Белгіленбеген бейтаныс орындарға суға түспеуді ескертеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал